USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Мәдина Әбілқасымованың есебін тыңдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаржы нарығының биылғы дамуы жөнінде есеп беріліп, қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету, экономиканы несиелеу ісін ынталандыруға қатысты реттеу шараларын жүзеге асыру және тұтыну несиелерінің шектен тыс артуына жол бермеу туралы Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмаларының орындалуы жөнінде баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы Мәдина Әбілқасымованың есебін тыңдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында Агенттік Үкіметпен бірлесіп экономиканың зардап шеккен секторларына қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша шағын және орта бизнес өкілдерінің алған қарыздарына жылына 6 пайыздық мөлшерлемемен субсидия беріледі. Агенттік басшысы Президентке сақтандыру және бағалы қағаздар нарықтарын жетілдіруге бағытталған заңнамалық бастамалардың дайындалып жатқанын айтты. Сақтандыру нарығын жетілдіру жөніндегі заң жобасы бойынша халықтың зейнетақы және инвестициялық сақтандыру қорларының жұмысына араласуы артады, сол арқылы азаматтардың жинағы еселене түседі. Сонымен қатар кәсіпкерлердің құнды қағаздар нарығында қор жинауына мүмкіндік беретін шаралар қабылданады. Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттіктің жұмысын оң бағалап, қаржы нарығын одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы