USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Құттықтаудың толық мәтіні Ақорданың ресми сайты жариялады.

Мемлекет басшысы Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE.  «Сіздерді күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – имандылық пен адамгершіліктің, мейірімділік пен жанашырлықтың мейрамы. Мұсылмандар осы күндерде мұқтаж жандарға көмектесіп, қамқорлық көрсетеді. Бір-біріне ізгі тілектерін айтып, жақсылық жасауға ұмтылады.         

Құрбан айт мейрамы елімізде рухани құндылықтарды берік орнықтырып, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтау жолында ерекше рөл атқарады.

Бұл мереке Қазақстанда тұратын түрлі этнос және конфессия өкілдерінің өзара сыйластығы мен құрметін арттырып, достығын нығайта түседі. Халықты береке-бірлікке шақырып, ырыс-ынтымағын еселейді. Бейбітшілік пен ізгіліктің бастауы болған ата дініміздің басты мәні – осында. 

Бүгінгі ұлық мейрамда шалған құрбандықтарыңыз бен тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!» - деді президент.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт