USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысына әлемдегі заманауи қауіп-қатерлерді ескере отырып, Қарулы Күштерді қалыптастырудың және дамытудың тұжырымдамасын пысықтау, сондай-ақ, қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді, әскери техникаларды инвентаризациялау және тексеру жұмыстары туралы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Нұрлан Ермекбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің геосаяси және экономикалық бағыттағы сын-қатерлерді мониторингтеу бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары, халықаралық әскери ынтымақтастық мәселелер туралы айтты. Сонымен қатар еліміздің Қарулы Күштерін тиімді басқаруды жақсартуға және қорғаныс қабілетін арттыруға негізделген заң жобасын дайындау жайында мәлімет берді.

Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің, оқ-дәрі қоймаларының, полигондар мен әскери қалашықтардың инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстарын жүргізуге баса мән берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Жоғарғы Бас қолбасшы Қорғаныс министріне әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын көтеруге және әскери кадрларды дайындау сапасын арттыруға, сондай-ақ, әскери тәртіпті күшейту шараларын қабылдауға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy