USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан ұсынылатын Мәжіліс депутатын сайлауға қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХ сессиясы аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына ҚХА атынан ұсынылатын депутатты сайлауға қатысып, дауыс берді

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан ұсынылатын Мәжіліс депутатын сайлауға қатысты
Фото: NEGE.kz

, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Астана, NEGE. Президент дауыс бергеннен кейін депутаттыққа үміткерлердің сенімді өкілдерімен әңгімелесті. Мемлекет басшысы алдағы уақытта Конституцияға өзгеріс енгізілетіндіктен мұндай форматтағы сайлау соңғы рет өтіп жатқанын атап өтті.                                     

Бірақ біздің Парламентте Қазақстан халқы Ассамблеясының тиісті орындары сақталады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Конституцияға өзгертулер енгізуді ұсынған болатын. Осы ретте ҚХА квотасы Мәжілістен Сенатқа ауыстырылып, депутаттар саны 9-дан 5-ке дейін қысқарады.

Қазір оқып жатыр

Air Astana қазанда Алматы мен Астанадан Дубайға ұшатын әуе рейсін қалпына келтіреді

Air Astana

Оңтүстікте субсидияға бөлінген 103 млн теңге жымқырылған: бір күдікті қамауға алынды

Ақша

Қазақстан мен Корея: өндіріс, технология және инвестицияға негізделген жаңа серіктестік

Руслан Изимов

Шымкентте полицейлер экс-чемпион Әділ Тілектестің қазасына қатысты деректі тексеріп жатыр

Әділ Тілектес