USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жиында 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру аясында қабылданған Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу жөніндегі іс-қимыл жоспарының орындалу мәселелері қарастырылды. Отырыс барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр баяндама жасады, сондай-ақ бірқатар мүдделі мемлекеттік орган басшылары мәлімет берді.

Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда сын-қатерлер мен ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіпке объективті баға беріп, тиісті шараларды әзірлеу қажет екенін атап өтті.

Жиын соңында ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу және ұлттық мүддені қорғау жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі