USD
USD
USD

Мемлекет басшысы: Қаңтарда мерт болғандардың тізімі жарияланады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде мерт болғандардың тізімі жариялантынын мәлім етті.

Мемлекет басшысы: Қаңтарда мерт болғандардың тізімі жарияланады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қаза болғандардың тізіміне қатысты айтсам, ол жарияланады, көпшілікке мәлім болады. Бұған дейін айтқанымдай, ол тізімде, лаңкестік топтың деп айтсақ болатын шығар, сол тараптың жағында жүріп қаза болғандар өте көп. Олар өз әрекеттері арқылы мемлекеттік құрылымымызды ыдыратқысы келді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс беріп болғаннан кейін.

Президенттің айтуынша, бұл мәселенің екінші қыры бар.

«Бірақ мемлекетімізге табан астынан қарсы шыққан топтарға қатысы болмаған адамдар да бар. Осыған байланысты, әрине, біз қайғырып, көңіл айтамыз. Азаматтарға қарсы ақтауға келмейтін әрекеттерге барған әскери қызметшілердің бәрі жауапкершілікке тартылатыны түсінікті. Тергеу жүріп жатыр, баллистикалық сараптамалар өтіп жатыр. Сондықтан бәрі айқындалады», – деді Мемлекет басшысы.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park