USD
USD
USD

Мемлекет басшысы қайта сайланған Сербия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Сербия Республикасының Президенті болып қайта сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы қайта сайланған Сербия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: NEGE.kz

Аcтана, NEGE.  «Сайлаудағы айқын жеңісіңіз – отандастарыңыздың Сізге және Сербияның дамуын баянды етуге, азаматтарының әл-ауқатын еселеуге және халықаралық сахнадағы беделін арттыруға бағытталған саралы саясатыңызға көрсеткен кең қолдауының айғағы екені сөзсіз. Осы ретте, Сіздің басшылығыңызбен еліңіз одан әрі өркендеп, мерейі әрқашан үстем болуына тілектеспін», – делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген мазмұнды саяси диалог пен сауда-экономикалық байланыстардың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын зор ризашылықпен атап өтті. Сондай-ақ әлеуеті зор ынтымақтастықты одан әрі өркендету үшін Сербия Президентімен бірлесе күш жұмылдыруға дайын екенін растады.

Мемлекет басшысы сербиялық әріптесіне сарқылмас күш-қуат, аса жауапты қызметі мен қолға алған тың бастамаларына толағай табыс, ал достас серб халқына мол бақыт, құт-береке тіледі.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов