USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Ирландия Премьер-Министрі Лео Варадкармен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың келешегі талқыланды. Тараптар іскерлік байланыстарды күшейтуге және ауылшаруашылығы, жоғары технологиялар мен инновациялар салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделілік білдірді.

Мемлекет басшысы Ирландия Премьер-Министрі Лео Варадкармен телефон арқылы сөйлесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев және Лео Варадкар халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер қозғады, оның ішінде,  БҰҰ және басқа да көпжақты құрылымдар алаңында Қазақстан мен Ирландияның өзара әрекеттесуі жөнінде пікір алмасты. Атап айтқанда, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті тұрақты дамыту мен ілгерілетуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.

Тараптар коронавирус індетінің таралуына ерекше тоқталды. Қазақстан Президенті және Ирландияның Премьер-Министрі екі елдің пандемияның кері салдарын жеңілдету бойынша кешенді шаралар, оның ішінде, тұрғындардың аз қамтылған топтарын қолдау және дағдарыстан кейінгі кезеңде іскерлік белсенділікті ынталандыру жұмыстарын жоғары бағалады.

Телефон арқылы сөйлесуге Лео Варадкар бастамашы болды.

Қазір оқып жатыр

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған