USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Германияның Федералдық канцлерімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше құрмет көрсеткені үшін Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольцке ризашылығын білдіріп, еліміздің Еуропа Одағындағы негізгі серіктесі – Германиямен арадағы ынтымақтастықты дамытуға Қазақстан айрықша мән беретініне назар аударды.

Мемлекет басшысы Германияның Федералдық канцлерімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысының айтуынша, Астана мен Берлин барлық деңгейде белсенді әрі өзара сенімді саяси диалог жүргізіп келе жатыр және көпжақты алаңдар аясында тығыз қарым-қатынас орнатқан. 

Бүгінде Германия – Қазақстан экономикасына қаржы құйған жетекші инвесторлардың және ең ірі сауда серіктестерінің бірі. Германияның Орталық Азия өңірімен сауда-саттығының шамамен 83 пайызы Қазақстанның үлесіне тиесілі. 2022 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 25 пайызға өсіп, 2,8 миллиард долларды құрады.

Мемлекет басшысы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтудың әлеуеті зор және отандық нарыққа Германия бизнесінің барынша көбірек келуі үшін Қазақстан барлық қажетті жағдайды жасауға дайын екенін атап өтті. Мұнай-газ химиясы, сирек кездесетін металлургия өнеркәсібі, «жасыл» энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы салалары басым бағыттар ретінде анықталды.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия

Кландар бірікпей, Қазақстан ӘЧ-ге шыға алмайды – Ермұхамед Мәулен

Қазақстан Ұлттық Футбол Құрамасы