Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Франция Президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Франция Президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда. 

Мемлекет басшысы Франция Президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Франция Президентінің Астанаға алғашқы сапары екіжақты қарым-қатынасты дамытуға тың серпін беретінін және көпжақты ынтымақтастықты мүлде жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік жасайтынын атап өтті.

– Франция – Қазақстанның Еуропа Одағындағы маңызды әрі сенімді серіктесі. Былтыр өзара тауар айналымы 30 пайызға өсіп, 4 миллиард долларға жетті. Биылғы сегіз айда екіжақты сауда-саттық көлемі өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға артты, яғни 2,7 миллиард долларды құрады, – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, Франция бұған дейін ел экономикасына шамамен 18,7 миллиард долларға жуық инвестиция салған. Энергетика, құрылыс, аэроғарыш, фармацевтика, тау-кен және химия өнеркәсібі, машина жасау салаларында бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронның өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға қосқан жеке үлесін ерекше атап өтіп, екі ел халықтарының игілігі жолындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға Қазақстанның дайын екенін жеткізді. 

Келіссөз барысында тараптар жасыл энергетика, логистика, транзит, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, цифрландыру және білім беру салаларындағы алдағы ықпалдастықтың басым бағыттарын айқындады.

Мемлекет басшысы мәдени байланыстарды дамытуға ерекше назар аударып, француз мәдениеті мен тілін Қазақстанда ілгерілету қажет екенін айтты.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті