Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мемлекет басшысы: Ешқандай қос үкімет жоқ

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы өкілеттігін тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа беру туралы айта келе елде ешқандай қос үкіметтің жоғын мәлімдеді, деп жазды «Комсомольская правда».

Мемлекет басшысы: Ешқандай қос үкімет жоқ
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Қазіргі қиын жағдайда Назарбаев менің дағдарыстан тез арада шығаруға арналған бағытыма, жаңа экономика құру және азаматтарды материалды қолдау мақсатындағы шараларыма қолдау білдірді. Ешқандай да қос үкімет жоқ, бұл туралы Нұрсұлтан Әбішұлының да өзі бірнеше мәрте айтып, қазіргі президенттің айналасына бірігуге шақырған болатын», - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, Назарбаев – тарихи масштабтағы тұлға, қазіргі заманғы Қазақстанның негізін салушы.
«Жақында (6 шілдеде) біз оның 80 жасқа толу мерейтойын атап өтеміз. Әрине оның халық алдындағы және халықаралық қоғамдастық алдындағы еңбегі туралы айтатын боламыз. Біз үшін оның тарихи және саяси мұрасын сақтап қалу маңызды, бұл қазақстандық мемлекеттікті нығайтуға қажет. Менің сайлауалды платформамның бірінші тармағының мирасқорлық деп аталуы да сондықтан», - деп атап өтті Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.