USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

Президентке Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне берген тапсырмаларының орындалуы туралы баяндалды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
Фото: NEGE.kz

Астана. NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2021 жылы жүргізілген аудиторлық және сараптамалық-талдау жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы мәлімет берілді.

Былтыр жалпы 32 триллион теңгеден астам бюджет қаражаты бойынша 155 нысанға 21 аудиторлық тексеру жүргізілген.

Анықталған барлық заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданып, оның материалдары құқық қорғау органдарына жолданды.

Наталья Годунова Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында квазимемлекеттік секторға жүргізілген аудиттің аяқталғанын, арнаулы экономикалық аймақтардың қызметіне, жер ресурстарын басқару жүйесіне, Токиодағы Олимпиада ойындарына дайындыққа және пандемиямен күреске бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуына бағалау жүргізілгенін хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент жаңа экономикалық саясатты іске асыру және мемлекеттік аудит жүйесін дамыту аясындағы Есеп комитетінің қызметіне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық