USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады

Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәжіліс спикері Президентке депутаттардың халықпен өткізген кездесулерінің қорытындысы туралы мәлімет берді. Мәжіліс депутаттары алдағы референдумның және Конституцияға енгізілетін өзгерістердің маңыздылығын түсіндіру үшін өңірлерге сапармен барды.

Депутаттар күн сайын 250-ге дейін іс-шара өткізген. Еңбек ұжымдарында, базарларда, әлеуметтік нысандарда және шалғай елді мекендерде өткен кездесулерде тұрғындармен ашық пікір алмасуға баса мән берілді.

Жалпы азаматтар ұсынылып отырған реформаларды қолдайды және референдумға қатысуға дайын. Жалпыұлттық референдумға қатысты түсіндіру науқанына AMANAT партиясы да атсалысқан.

Республикалық және облыстық штабтар, мәслихаттардың барлық деңгейіндегі фракция депутаттары мен партияның жастар қанаты белсенді жұмыс істеп жатыр. Мәжіліс депутаттары сапарларының барысында тұрғындарды толғандырып жүрген өзекті мәселелер жөнінде ашық пікір алмасты.

Көтерілген барлық мәселе бекітілген алгоритмге сәйкес Үкіметпен бірлесе жүйеленіп, пысықталады. Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа палатаның заң шығару қызметі туралы баяндады. Атап айтқанда, сессия басталғалы бері 64 заң жобасы мақұлданған және 51-і қаралып жатыр.

Олардың ішінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында әзірленген заң жобалары да бар. Президентке Үкімет пен Есеп комитетінің былтырғы республикалық бюджеттің жұмсалуы жөніндегі есебін қоғамдық тыңдауға, сондай-ақ су ресурстары туралы парламенттік тыңдаулар өткізуге дайындық жұмыстарының барысы туралы баяндалды.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park