Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мемлекет басшысы бірнеше судьяны қызметінен босатты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев судьялар құрамын өзгертті. Мемлекет басшысы 26 қазанда "Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мемлекет басшысы бірнеше судьяны қызметінен босатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Анатолий Смолин орнынан түсуіне байланысты Қостанай облыстық сотының төрағасы қызметінен босатылды. Астанада екі судья тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін сот жюриінің қаулысымен қызметінен босатылды. Олар - Бостандық ауданының №2 аудандық сотының судьясы Қанат Сырлыбаев пен Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Ғалымжан Бекмамбетов.

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Динара Қабиденова да басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
Ал қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қыдырбек Әлқожаев қайтыс болуына байланысты қызметінен босатылды.

Құжат бойынша, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы болып Марлен Бекетов, Ақтөбе қалалық сотының судьясы болып Марал Омарова тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел