USD
USD
USD

Мемлекет басшысы бірқатар әскери қызметшіні марапаттады

Мемлекет басшысы ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар әскери қызметшіні марапаттады.

Мемлекет басшысы бірқатар әскери қызметшіні марапаттады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Бабақұлов Қуаныш Исабекұлы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің аға нұсқаушысы марапатталды.

«Ерлігі үшін» медалімен Лисбаев Байсейіт Жәнібекұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6654 әскери бөлімінің взвод командирі, Рахматалиев Данияр Тілекбайұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі марапатталды.

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен: Алдабергенев Мейір Салқынбекұлы, Қорғаныс министрлігінің 19033 әскери бөлімі минасыздандыру бөлімшесінің командирі, Рамазан Дәурен Қайратұлы, Мемлекеттік күзет қызметінің жедел уәкілі марапатталды. 

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған