USD
USD
USD

Мемлекет басшысы белгілі журналист Жанболат Аупбаевты 70 жас мерейтойымен құттықтады

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram-дағы парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы белгілі журналист Жанболат Аупбаевты 70 жас мерейтойымен құттықтады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан NEGE. «Сізді ұлттық журналистиканың көшін өрге сүйреп келе жатқан қабырғалы қаламгер деп білеміз. Қалың жұртшылық Өзіңізді қазақ баспасөзінің алыптар шоғырымен қызметтес болған, көсемсөздің қыры мен сырын бойына сіңірген журналист ретінде құрметтейді. Еңбек жолында «Лениншіл жас», «Халық кеңесі», «Ақиқат», «Егемен Қазақстан» сияқты еліміздегі беделді басылымдарда жемісті қызмет етіп, кәсіби журналист ретінде қазақ баспасөзін дамыту үшін аянбай тер төктіңіз. Сіздің қаламыңыздан шыққан зерттеу еңбектеріңіз, танымдық, публицистикалық мақалаларыңыз бен очерктеріңіз оқырман қауымның ықыласына бөленді. Ұзақ жыл бойы «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметін абыроймен атқарып, Қазақстанның бас басылымын қазіргі заманға сай жаңғыруына зор еңбек сіңірдіңіз», делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі