Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мемлекет басшысы: Басты мақсатымыз – Әділетті Қазақстанды құру

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік туды көтеру рәсімінде сөз сөйледі. 

Мемлекет басшысы: Басты мақсатымыз – Әділетті Қазақстанды құру
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. «Халқымыз азаттыққа ерен ерлік пен қажымас қайраттың арқасында жетті. Туымызды тұғырына қондыру оңай болған жоқ. Ал оны әрдайым биік ұстау тіпті зор күш-жігерді талап етеді. Ол үшін бізге еселі еңбек және берекелі бірлік қажет. Сонда ғана Қазақстанның шаңырағы биік, іргесі берік болмақ.

Қастерлі нышандарымызды құрметтеу – әрбір азаматтың перзенттік парызы. Біз асыл құндылықтарымызды аяқ асты етуге жол бермейміз.

Биыл мемлекеттік рәміздерді қорлаған адамдарды жазалау шаралары күшейтілді. Түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп жатыр. Отаншылдық мемлекеттік рәміздерді қастерлеуден басталады. Біз ұлттық нышандарымызды ұлықтау арқылы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетеміз. Оларды отансүйгіштік, жасампаздық рухта тәрбиелейміз. Сондықтан бүгінгі салтанатты рәсімнің тағылымдық, тәрбиелік мәні айрықша.

Былтыр дәл осы күні елімізде республикалық референдум өткенін білесіздер. Халқымыз жаңару мен жаңғыруға жол ашқан тың бастамаларға қолдау көрсетті. Басты мақсатымыз – Әділетті Қазақстанды құру. Бір жылдың ішінде ауқымды шаралар атқарылды, бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғаса береді», – деді мемлекет басшысы.

Қазір оқып жатыр

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш

Ұлттық банктен кеткен Шолпанқұлов Solva Group директорлар кеңесінің құрамына кірді

Берік Шолпанқұлов