USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімінін қабылдады

Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімінін қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы 9 айдағы қорытындысы баяндалды. Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, облыстағы өңдеу өнеркәсібінде, құрылыс, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес пен өзге де салаларда өсім байқалады. Аймақ жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім, инвестиция және құрылыс жұмыстарының көлемі жағынан республика бойынша бірінші орынға шыққан.

Биыл 19 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылған, жұмыспен қамту орталығы арқылы 20 864 адам жұмысқа орналастырылған. Ал бүгінге дейін «Еңбек» бағдарламасы аясында 24 348 адам жұмыспен қамтылған. Биылғы 9 айда 4882 пәтерлі 646,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 41,6 пайызға көп.

Мемлекет басшысына «жасыл» аймақтағы облыстың эпидемиологиялық ахуалы және вакциналау жұмыстары туралы ақпарат берілді. Бұдан бөлек, облыс әкімі экология саласы мен көгалдандыруға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. 2025 жылға дейін елді мекендерде 540 мың көшет отырғызу жұмыстары басталған.

Сонымен қатар облыс әкімі Президенттің тапсырмасы бойынша Атырау облысын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың жүзеге асырылу барысы туралы есеп берді. Жоспар жуырда бекітілген. Бұл маңызды құжат қордаланған проблемаларды шеше отырып, өңірдің дамуына тың серпін береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Махамбет Досмұхамбетовке аймақта атқарылып жатқан жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.