USD
USD
USD

Мемлекет басшысы: Аманхан Әлім ақиқаттан айнымаған қайраткер қаламгер еді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын, сыншы Аманхан Әлімнің қазасына байланысты оның туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшасы Берік Уәли хабарлады.

Мемлекет басшысы: Аманхан Әлім ақиқаттан айнымаған қайраткер қаламгер еді
Фото: NEGE.kz


«Ақын, сыншы, әдебиетші, публицист Аманхан Әлімнің қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Аманхан Әлімұлы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі еді. Сонымен қатар ол отандық журналистиканың дамуына да өлшеусіз үлес қосты. Қатардағы тілшіден бас редакторлыққа дейінгі жолдың бәрінен өтті. Ол ұлттың өсуіне, әдебиеттің дамуына кедергі болатын кері әрекеттердің барлығын сын садағына ілді. Аманхан Әлім қазақ руханиятының көкжиегін кеңейту үшін ақиқаттан айнымаған қайраткер қаламгер еді. Марқұмның жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын!» – делінген жеделхатта.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.