USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Алтай Көлгіновті қабылдады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Мемлекет басшысы Алтай Көлгіновті қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нұр-Сұлтан қаласының 2019 жылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы есебі беріліп, Президенттің Елорданы дамыту жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының орындалу барысы жайында баяндалды, делінген хабарламада.

Сонымен қатар Алтай Көлгінов Мемлекет басшысына қаланы абаттандыру және жылыту маусымы жайында ақпарат берді.

Президент әкімге жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасыларды қолдау, үлескерлердің мәселесін түбегейлі шешу және Нұр-Сұлтан қаласының инфрақұрылымдық дамуы бойынша берілген тапсырмаларды сапалы  және уақытылы орындау керектігін атап айтты.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж