USD
USD
USD

Мемлекет басшысы әйелдердің Халықаралық күнімен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурыз – әйелдердің Халықаралық күніне орай құттықтау жолдады. 

Мемлекет басшысы әйелдердің Халықаралық күнімен құттықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Ардақты аналар! Аяулы арулар! Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әйелдер қауымы – әрдайым отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы. Әр адамның өміріндегі қуанышты әрі жарқын сәттердің көп болуына сіздер мол үлес қосып келесіздер. Ел басына күн туғанда асыл аналарымыз бен аяулы аруларымыз қиындыққа мойымай, ұлт тағдырына араласты. Еселі еңбегімен және ерен ерлігімен танылған әйелдердің есімдері тарих жылнамасына мәңгілікке жазылып, жадымызда жатталады", - деп жазылған президент құттықтауында.

Қ.Тоқаев елде әйелдер қауымы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылғанын айтып, нәзік жандарға денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тіледі.

 

Қазір оқып жатыр

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Ерболат Досаев

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

.

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді

КҚК

Серік Сәпиев тағы бір қызметке тағайындалды

.