USD
USD
USD

Мемлекет басшысы ACWA Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайянды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-ші конференциясы аясында ACWA Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайянмен кездесті.

Мемлекет басшысы ACWA Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайянды қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кездесу барысында компанияның Қазақстанмен өзара ықпалдастығын одан әрі нығайтудың негізгі аспектілері және бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ Жетісу облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу перспективалары қарастырылды. Бұл нысанға 1,8 миллиард доллар көлемінде инвестиция құю көзделіп отыр.

Мұхаммед Абунайян компанияның Қазақстандағы үлесін кеңейтуге және жасыл энергетика секторында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, бұл бастама Қазақстанның жаңартылатын энергия көздерін дамытудың өңірлік орталығы болу ниетіне сай келеді.

Мемлекет басшысы компанияның қызметі мен ауқымды жобаларын, атап айтқанда, құны 4,6 миллиард доллар болатын Дубайдағы «Noor Energy 1» күн электр станциясының құрылысын жоғары бағалады. Бұл әлемдегі ең ірі нысан саналады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар