14 Ақпан 14:32
...

Мемлекет ақшасын ең көп жеген – Цеснабанк

Фото:

Қазақстан өз тарихында банктерді қолдауға Ұлттық қордан 1 триллион 129 миллиард теңге жұмсаған. Оның басым бөлігі Цеснабанкті құтқаруға кеткен. Ол сандарды Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі (ҚНРДА) Lsm журналына берген мәліметінде келтіреді.

Ал жалпы, Fitch сарапшыларының ойынша, мемлекет 2017-2020 жылдар аралығында банктерге 5,3 триллион теңгеге қолдау көрсеткен. Ол 2018 жылғы ішкі жалпыұлттық өнімнің 8,8 пайызын құраған.  

Ұлттық қордан банктерге көмекке тартылған қаражат туралы сөз қозғағанда, ҚНРДА жалпы көмекті екі кезеңге бөледі. Алғашқысы 2008 жылдан 2016 жылға дейін жалғасқан банктерді құтқару операциясы. Оның барысында 500 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген.

«Төрт банктің акцияларын сатып алу үшін мемлекетке Ұлттық қордан  476,1 миллиард теңге бөлінді. Оның 415 миллиард теңгесі қайтарылды. Ал берілген қаражат пен қайтарылған сома арасындағы айырма БТА Банкінің активтері мен міндеттемелерін екі мәрте қайта құрылымдау нәтижесінде пайда болды».

Екінші кезең 2017 жылдан басталып, қазіргі уақытты да қамтиды. Казкомды сауықтыру операциясы аясында ел үкіметіне тиісті Проблемалық несиелер қоры БТА Банкінің жұмыс істемейтін активтерін сатып алды. Осы қаражаттың арқасында БТА Казком алдындағы 2,4 триллионға шығып кеткен қарыздарын төлей алды. Онымен бірге, 2017 жылы Ұлттық Банк жүргізген банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасына сәйкес бес ірі қаржы институттарына көмек көрсетілді. Көмек алған банктер сол уақытта портфелінде бүкіл несиенің 30 пайызы мен депозиттердің 25 пайызын жинақтап отырған.

«Қолдаудың жалпы сомасы 653,7 млрд теңгені құрады. Ақша қайтарылуы тиіс қарыздың қаржы институттарына қысым көрсеткендігінен, және салдарынан экономикаға несие беру қарқыны бәсеңдегендіктен бөлінді. Мемлекеттік көмек алған банктер алдағы 13 жыл ішінде барлық қаражатты қайтарады. Нәтижесінде мемлекет 653,7 млрд теңге бері, 1 трлн теңгеден астам пайда табады», - деп түсіндіреді ҚНРДА.

Осының алдында Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев банктерді сынап, олардың мемлекет берген қаражаттан пайда көріп отырғанын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, Ұлттық қордан және бюджеттен келген миллиардтардың басты мақсаты қаржы секторын жақсарту және қаражатты экономикаға бағыттау болуы тиіс еді. 

Тегтер: