27 Мамыр 11:13
...

Мемлекет волонтерлік бастамаларды жүзеге асыруға 70 миллион теңгеден астам қаражат бөледі

Волонтер
Фото: ғаламтордан

Қазақстанның барлық өңірлерінде Birgemiz жалпыұлттық жобасы аясында волонтерлік бастамаларды жүзеге асыру бойынша шағын гранттар конкурсына өтінімдерді қабылдау жалғасуда.

Алматы, NEGE. Бұл жоба түрлі бағыттар бойынша нақты жергіліктіміндеттерді шешуге бағытталған және ол 2024 жылдың 25 сәуірінен 31 мамырына дейін өткізіледі. Конкурсқа қатысу өтінімдерін Birgemiz жобаларын жүзеге асыратын 8 үкіметтік емес ұйым қабылдап жатыр.

Birgemiz гранттар бағдарламасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ-тың қолдауымен үшінші жыл қатарынан табысты жүзеге асырылуда. Бұл мемлекеттік гранттарды еріктілер қатарындағы кәмелетке толған қазақстандықтар, сондай-ақ бастамашыл топтар мен ҮЕҰ ала алады.

Биылғы жылы конкурс аясында әрқайсысы 300 мың теңге болатын 240 шағын грант беріледі.

Birgemiz жобасының еріктілер бастамалары келесі бағыттарды қамтиды: 

• BIRGEMIZ: Bilim;

• BIRGEMIZ: Saýlyq;

• BIRGEMIZ: Sabaqtastyq;

• BIRGEMIZ: Taza Álem;

• BIRGEMIZ: Asyl mura;

• BIRGEMIZ: Qamqor;

• BIRGEMIZ: Úmit;

• BIRGEMIZ: Ayala.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 31 мамырға дейін ұзартылды. Ал конкурстың қорытындыларын шығару және іріктеу нәтижелерін жариялау 2024 жылғы 18 маусым күні өтеді. Конкурсқа қатысу үшін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының сайтында көрсетілген құжаттардың толық пакетін дайындау және тапсыру қажет.

Қосымша ақпарат пен ұйымдастырушылардың байланыстарын https://cisc.kz/ сайтынан табуға болады.