USD
USD
USD

Мемлекет пайдасына тәркіленуі тиіс болған Volvo жүк көлігі тоналған

Алматы облысы прокуратурасымен жүргізілген тексеру нәтижесінде айып тұрағындағы тәркіленуде тұрған мүліктерді тонау фактісі анықталды.

Прокуратура
Фото: Прокуратура

Алматы, NEGE. Атап айтқанда жалпы құны 100 млн теңгеден астам тұратын «Volvo FH» маркалы жүк көлігі әкімшілік іс бойынша тәркіленіп, мемлекет кірісіне өндірілуі керек болған. Алайда сақтауда тұрған кезде аталған жүк көлігі бөлшектеліп, ұрланған.

Сонымен қатар, тәркіленуге жататын басқа да мүлікті жасыру фактісі ашылды. Қылмыстық іс аясында құны 8 млн теңге болатын «Mercedes E350» маркалы көлік күдіктінің әкесіне сақтауға берілген. Кейіннен сот бұл көлікті мемлекет пайдасына өндіру туралы шешім шығарған.

Бірақ соттың шешіміне қарамастан, күдіктінің әкесі сақтау міндетін орындаудан бас тартып, көлікті жасырып қойған.

Анықталған фактілерге байланысты сотқа дейінгі тергеу органдарына құжаттар жолданды.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы