USD
USD
USD

Мемлекет меншігіне қайтарылған 12,2 млн гектар жердің жартысы игеруге берілді

Бұл мәліметтер 5 маусымда Үкімет үйінде Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Жер ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі республикалық комиссия отырысында айтылды.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің (ЖРБК) мәліметінше, 2022–2024 жылдары мемлекеттік меншікке қайтарылған 12,2 млн гектар жердің 5,9 млн гектары қайта бөлінді. Оның ішінде, елді мекен маңындағы 2 млн гектар жайылым жергілікті халықтың мал жаюы үшін ортақ пайдалануға берілді. Қалған 3,9 млн гектар жер ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арасында конкурс арқылы таратылды. Соңғы үш жылда жергілікті инспекциялардың араласуынан кейін бұрын пайдаланылмай жатқан 3,8 млн гектар жерді бұрынғы жер иелері қайта игере бастады.

2025 жылы мемлекеттік меншікке қайтарылуы жоспарланған 2 млн гектар ауыл шаруашылығы айналымындағы жердің қазірдің өзінде 979,1 мың гектары қайтарылды.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президенттігіне өз кандидатурасын ұсынды

Тимур Турлов

Ресей депутаты мигранттарды отбасымен бірге депортациялауды ұсынды

.

6 жасар балада С гепатиті анықталып, Алматы облысында тексеру басталды

С гепатиті

Дастан Сәтпаев «Челсимен» бірге бес матч өткізеді

Дастан Сәтпаев