USD
USD
USD

Мемлекет қайраткері Сәт Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді

Мемлекет қайраткері Сәт Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді, деп хабарлайды Ақорда.

Сәт Тоқпақбаев
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін мемлекет қайраткері Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды», – делінген хабарламада. 

Сәт Тоқпақбаев 1939 жыл Алматы облысы Іле ауданында дүниеге келген. 

1963-ші жылы Қазақ мемлекеттік университетін, кейіннен мемлекеттік университетін, кейіннен Минск қаласында КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің мектебін, КСРО Сыртқы істер минстрлігі жоғары дипломатиялық мектебін бітірген. Қытай және ағылшын тілдерін меңгерген. Еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастаған.

Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қауіпсіздік саласында бірқатар жауапты қызметтер атқарған. Қызмет бабымен шет елдерде жұмыс істеген.

ҚР Ұлттық қаууіпсіздік комитетінің төрағасы, Президенттің күзет қызметі бастығы, Республикалық Ұлан қолбасшысы, Қорғаныс министрі лауазымдарын абыроймен атқарды. Елбасы кеңесшісі болды. «Даңқ» ордені және көптеген мемлекеттік наградалармен марапатталған.

Қазір оқып жатыр

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

сулпак

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Зейнетақы

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Күдікті, Нұрай

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

.