2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Мемлекет қаржысына түсірілген қандай фильмдер экранға жол тартады?

Ұлттық кинематографияны қолдау орталығы жаңа жобалардың басталғанын, мемлекеттің қаржылай қолдауымен түсірілген ұлттық киноның болашақ жауһарларына байқаудың өтетін күнін жариялады.

Ұлттық киноны қолдау орталығы
Фото: el.kz

Алматы, NEGE. Ұлттық кинематографияны қолдау орталығының мәліметінше, қазақстандықтар асыға күтетін фильмдердің бірі – режиссер Дәурен Қамшыбаевтың «Капитан Байтасов» фильмі. Фильмде 2011 жылы Таразда болған теракті кезінде ерлік көрсеткен Ғазиз Байтасовтың ерлігі баяндалады. 

Сценарийді жасауға батырдың ұлы Арманжан Әбдібеков белсене атсалысты. Орталық бұл фильм қаһарманның ерлігі мен жанқиярлығын дәріптейтін отандық кино тарихына елеулі үлес болады деп есептейді.

Биыл көрермендер құмар ойындарға тәуелділік мәселесін қозғайтын «Игроманка» драмасын, сонымен қатар футбол туралы «90+1» спорттық драмасы және «Күзгі самал», «Жалған арман», Qaitadan, «Тезек», «Қара қыз», «Алтын адам», «Жұпар жүрек» және «Абыл» секілді басқа да бірқатар киножобаны көре алады.

Кинематографияны қолдау орталығы наурыз айының басында киножобалар байқауы жарияланатынын да хабарлады. Жаңа фильмдердің басым тақырыптары Отанға деген сүйіспеншілік, экология және қажырлы еңбек болмақ. Басым тақырыптардың толық тізімі Кино орталығының ресми сайтында берілген.

Айта кетейік, өткен жылы мемлекеттік қолдауға үміткер киножобаларды іріктеу қағидаларына өзгерістер енгізілген. Жаңа ережеге сәйкес, байқаудың бірінші кезеңінде тек сценарийлер қабылданып, олардың ең үздіктері Сараптамалық кеңестің қарауына жіберіледі.

«Бұл өзгерістер мемлекеттік қолдауға үміткер киножобалардың сапасы мен кәсібилігін арттыруға бағытталған», – делінген Ұлттық кинематографияны қолдау орталығы ақпаратында.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Максим Самородов

Қарағандыдағы Бөкетов университетінің үш студентінен туберкулез анықталды

Бөкетов ұлттық университеті

Қытай халқы қазақ халқына ешқашан ешқандай зиян келтірген жоқ – Тоқаев

«Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумы

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: бес командир ұсталды

Күдіктілер