USD
USD
USD

Мемлекет басшысының атынан Ұлттық құрылтай қатысушыларына ауызашар берілді

Президент жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, оларға Ұлттық құрылтай жұмысына белсенді атсалысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Ауызашар
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Оразаға тұспа-тұс келген биылғы жиынның мән-маңызы ерекше екенін атап өтті.

– Барша мұсылман қауымы Рамазан айын асыға күтеді, осы қасиетті айда ең асыл тілектерін тілеп, дұғаларын жасайды. Жұртшылық иманын күшейтіп, рухани тазарады. Азаматтарымыз мұқтаж жандарға көмектеседі, басқа да игі амалдар жасайды. Мұндай қадамдар, түптеп келгенде, әр адамға, әр шаңыраққа береке әкеледі. Сол арқылы еліміздің ынтымағы арта түседі, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам дінін төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігі екенін айтып, ата дініміздің адамзатты мейірімді, адал, білімпаз және еңбекқор болуға үндейтінін жеткізді.

– Осы асыл қасиеттер халқымыздың салт-дәстүрінен де айқын көрінеді. Өздеріңізге мәлім, мен ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру туралы үнемі айтып жүрмін. Құрылтай кезінде де айттым. Еліміздің әрбір тұрғыны нағыз «Адал азамат» болуы керек. Біз жас ұрпақтың бойына ұдайы жақсы қасиеттерді сіңіре беруіміз қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, озық ел болу үшін азаматтарымыздың мінез-құлқы, іс-әрекеті, ойы, ниеті – бәрі де соған сай болуы керек. Бұл орайда жастарға адал еңбекпен табысқа жету қажеттігін түсіндіру, ел ағаларының өмірлік тәжірибесін үйрету өте маңызды.

Қазір оқып жатыр

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

кілт

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?

Лазер

Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты

Өрт

Тоқаев Нұрбекке жоғары білім сапасын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді

Нұрбек, Тоқаев