USD
USD
USD

Мемлекет басшысы «Жол ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС директоры Бағдат Телтаевты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жол құрылысы және жол жабындылары механикасын зерттеуші ғалым Бағдат Телтаевпен кездесті.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Жүздесуде Алматы қаласындағы және еліміздегі жол инфрақұрылымын дамыту перспективалары, инновациялық технологияларды енгізу және аталған салаға маман даярлау мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысына қалалардың қарқынды дамуына байланысты туындаған, көлік инфрақұрылымына айтарлықтай салмақ түсіретін басты проблемалар мен сын-қатерлер туралы мәлімет беріліп, оларды шешу жолдары жөнінде баяндалды. Атап айтқанда, Бағдат Телтаев жол құрылысына құрамында полимер қосындылары бар асфальтбетон қолдану тәжірибесінің сәтті өткенін жеткізді. Жүргізілген сынақ нәтижесінде аталған технология жолдың ойылуына және жарықшақтардың пайда болуына, сондай-ақ тағы да басқа климаттық әсерлерге төзімді екені анықталды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саланы дамытуға қосқан үлесі үшін Бағдат Телтаевқа ризашылығын білдіріп, жол инфрақұрылымының сапасы мен қауіпсіздігін жақсарту үшін ғылыми зерттеулерді жалғастырудың және жол құрылысына озық технологияларды енгізудің маңызды екеніне назар аударды. Айтылған ұсыныстар негізінде Үкіметке және салалық министрлікке тиісті тапсырмалар беріледі.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Нұрай Серікбай