USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады.

Тоқаев Наталья Годунованы қабылдады
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Наталья Годунова Жоғары аудиторлық палатаның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын баяндады.

Есеп беріліп отырған кезең ішінде 19,5 триллион теңгеге жуық бюджет қаржысы бойынша 208 нысанға 20 аудиторлық тексеріс жүргізілгенін жеткізді. Өткен жылдың 4-тоқсанында аяқталған жекелеген аудиторлық тексеру жұмыстарының қорытындысы жөнінде мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет ресурсының жұмсалу тиімділігін одан әрі арттыруға, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның жаңа өкілеттіктерін іске асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж