USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрінің арнаулы кеңесшісі Акихиса Нагашиманы қабылдады

Президент Жапония Премьер-министрінің арнаулы кеңесшісі, Парламент Өкілдер палатасының депутаты Акихиса Нагашиманы қабылдады.

Ақорда
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. – Қазақстан Жапониямен стратегиялық серіктестікті дамытуға ерекше мән береді. Екі ел арасында достық пен өзара түсіністікке негізделген тығыз ынтымақтастық орнаған. Біз «Қазақстан мен Жапонияның арасы алыс болғанымен, достығымыз берік» деп айтамыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-техникалық байланыстарды кеңейтуге айтарлықтай әлеует бар екеніне тоқталды. Президент Қазақстан экономикасына тартылған жапон инвестициясының көлемі 8 миллиард доллардан асқанын айтты. Сондай-ақ еліміздің шетелдік инвесторларға, соның ішінде Жапонияның озық компанияларына қолайлы жағдай жасауға дайын екенін атап өтті.

Арнаулы кеңесші Президентке Жапония Премьер-министрі Шигеру Ишибаның ыстық ықыласын жеткізді, сонымен қатар Токионың қазақ-жапон сан қырлы қарым-қатынасын одан әрі жандандыруға бейілдігін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Акихиса Нагашима жоғары деңгейдегі саяси диалогты нығайтудың маңызын атап өтіп, сауда, энергетика, көлік, білім беру, мәдени-гуманитарлық салаларындағы, сондай-ақ климаттық өзгеріс мәселелері бойынша екіжақты өзара ықпалдастықты тереңдетудің перспективасын талқылады.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси