USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады

Мемлекет басшысы Мәжіліс депутаты, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ұлттық құрылтай мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Бақтықожа Ізмұхамбетов «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет берді.

Қазір 2 жоба жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, «Дәнекер» бастамасы қолға алынған. Оның нәтижесінде соңғы 4 жылда 6896 даудың 4563-інде тараптар істі сотқа жеткізбей келісімге келген. Ал мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған «Іскерлік және жанашырлық» жобасы қазір Атырау, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында іске асырылуда; ардагерлердің «Қоғамдық бақылау туралы» Заңды жүзеге асыруға белсенді атсалысып жатқаны жөнінде баяндады.

Олар су тасқынымен күрес кезінде халықты сабырға шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Мұнай-газ, ауыл шаруашылығы салаларына, өңірлерде азық-түлік бағасын тұрақтандыруға және дін мәселесіне қатысты ұсыныстар берді.

Қазір оқып жатыр

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.