USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Ермек Сағымбаев ведомствоның алдағы кезеңге арналған жоспары, сын-қатерлерді ескере отырып ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шешімдері туралы баяндады.

Ол Ұлттық қауіпсіздік органдарын перспективті дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар, жедел қызметтік іс-қимылды ұйымдастыру және оның құрылымын жетілдіру жөнінде мәлімет берді.

Сонымен қатар арнайы қызметті кадрлық және техникалық тұрғыдан нығайту, нормативтік-құқықтық базаны жаңғырту, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі үдерістерді оңтайландыру мен цифрландыру жұмыстары жайында айтты;

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы халықаралық терроризмге және діни экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне қарсы тұру, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік шекараны қорғау және күзету салаларындағы жағдай туралы жеткізді.

Президент ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Өрт сөндірушілерге кедергі келтірген көлік бүлінсе, кім жауап береді?

Өрт

Жаңаөзенде қыз алып қашқан 5 адам сотталды

блогер соты

Қазақстанда неке сақиналары күрт қымбаттаған

Неке сақинасы

Air Astana және FlyArystan компанияларына авиаотынға байланысты айыппұл салынды

Ұшақ