USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевты қабылдады

Ақылбек Күрішбаев Ұлттық ғылым академиясының былтырғы атқарған қызметінің негізгі нәтижелері жөнінде баяндады.

Ұлттық ғылым академиясы
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. 2024 жылы отандық ғылымның жағдайын бағамдап, саланы дамытудың басым бағыттарын айқындау мақсатында жүргізілген кешенді жұмыс жөнінде мәлімет берді.

Былтыр бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру көзделген 113 ғылыми-техникалық тапсырмаға сараптама жүргізілген, сондай-ақ 3 интеграцияланған пәнаралық ғылыми-техникалық бағдарлама әзірленген.

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғылымның әлеуетін арттыру үшін одан әрі жүйелі шаралар қабылдау қажет екеніне назар аударды. Таяуда Ұлттық ғылым академиясына Президент жанындағы жоғары ғылыми ұйым мәртебесін беретін Жарлыққа қол қойылды.

Үкіметке аталған Жарлықты жүзеге асыруға қатысты құқықтық мәселелерді жеделдету туралы тапсырма берілді. Сондай-ақ ғылымды қаржыландыру 3,5 есе ұлғайды, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң қабылданды. Жас ғалымдарды әлеуметтік тұрғыдан қолдау күшейтілді. Президенттің тапсырмасымен оларға баспана беріліп жатыр.

Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясына бірқатар міндет жүктеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары