USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековті қабылдады

Дастан Рыспековтің баяндамасында өткен жылы өнеркәсіп өндірісі 8 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 28 пайызға және тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 30 пайызға өскенін атап өтті.

Ақорда
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Былтыр өңірге 226 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған. Оның 89 пайызы – жеке инвестиция, сонымен қатар жалпы сомасы 940 миллиард теңге болатын инвестициялық пул жасақталған. Биыл құны 138 миллиард теңге болатын 17 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ Президентке қатерлі өндіріс орындарында еңбек ететін азаматтардың қауіпсіздігін сақтау бағытында бұған дейін берген тапсырмасына сай атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Тиісті шараларды әкімдік Үкіметпен бірлесіп жүргізуде. Дастан Рыспеков «Қазақмыс» корпорациясының кенішінде таяуда болған апат салдарынан қаза тапқан шахтерлердің отбасыларына қандай көмек көрсетіліп жатқанын айтты.

Облыс әкіміне көлік-логистика әлеуетін арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту, сапалы медициналық қызмет көрсету, халықты таза ауызсумен қамтамасыз ету және экологиялық мәселелерді шешу жөнінде тапсырма берілді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда медициналық ұйым басшыларының әрбір бесіншісі тестілеуден өте алмаған

МӘМС

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду

Әкім қабылдауына келген тұрғындарды неге ұялы телефонына түсірген?

Аманжол Мырзабеков

Қазақстанның газ саласында 24 млрд теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылықтар анықталды

газдандыру