USD
USD
USD

Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңға қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.

Құжатта:

• тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;

• археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;

• тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;

• қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;

• археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;

• мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;

• қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;

• тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;

• мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;

• туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған