Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады

Ермек Маржықпаев ел спортшыларының ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы есеп берді.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Министр лицензиялық турнирлердің қорытындысы жөнінде баяндады. Төрт жылдықтың басты додасына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген.

Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды. Ұлттық құраманың Олимпиадаға дейінгі оқу-жаттығу жиындары мен спортшыларды қолдау шаралары туралы айтты. Спортты басқару институттарын жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың есебін берді.

Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды. 

Қазір оқып жатыр

Отбасы банк ипотека бойынша ескі үйлерге қойылатын талаптарды жеңілдетті

Ипотека

​FIDE үшін бәсеке: Турловтың жеңісі Қазақстанның беделін арттыра ма?

Бизнесмен

Эль-Ниньо әсерінен әлемде тағы 50 млн-ға жуық адам аштыққа ұшырауы мүмкін – БҰҰ

Эль-Ниньо

«Торпедо» әйелдер хоккей командасының таратылуына қатысты басқарма жауап берді

спорт