USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс Әріновтің есебін тыңдап, ведомствоның атқарған жұмысы мен жүргізілген реформалары туралы ақпарат алды.

Ақорда
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Ведомство жұмысына заманауи технологиялар енгізіліп, дрондар арқылы онлайн бейнебақылау жүргізу және цифрлық сервистерді интеграциялау жүйесі іске қосылған. Нәтижесінде, оқыс оқиғалар саны 2,8%-ға, адам өлімі 10,2%-ға, жарақат алғандар саны 8,1%-ға азайды.

 2024 жылы ел аумағында 14 жаңа өрт сөндіру депосы ашылған.

Құтқарушылардың жаңа арнайы киім үлгісі бекітілген, әуе кемелері сатып алынған және елді мекендердегі қауіпсіздікті күшейту мақсатында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы іске қосылған.

Президентке су тасқыны қаупіне қатысты ахуал жөнінде де мәлімет берілді. Министрдің айтуынша, жағдай тұрақты, сегіз өңірдегі жағдай бақылауда. Ресей және Қырғызстанмен деректер алмасу жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

Мемлекет басшысы су тасқынына қарсы шараларға баса назар аудару, алдын ала ескерту жүйесін жаңғырту және төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуын жалғастыру жөнінде міндет жүктеді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.

Үкімет жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтеді

.

Ақтөбеде өртенген көліктен үш адамның денесі табылды

.

«Атыраулық хакер» Түркиядан Қазақстанға қайтарылды

.