USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Шыңғыс Әрінов Төтенше жағдайлар министрлігінің атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары жөнінде есеп берді.

Ол Төтенше жағдайлар министрлігінің штаттық құрылымын оңтайландыру және материалдық-техникалық құралдармен жабдықталу деңгейін арттыру мәселелері туралы баяндады. Азаматтық қорғау академиясының құрылысы, әуе авиациясы паркін жаңарту және Каспий теңізінің жағасында Ұлттық теңіз жасағын құру жұмыстары жайында айтты:

– 20 өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізіліп жатыр, сондай-ақ елордада тез құрастырылатын өрт сөндіру депосы мен жатақхана салу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылған;

– министрлік әртүрлі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жедел әрекет ету шараларын жетілдіру жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар ол құтқару бөлімшелерін цифрландыру, кадрлық әлеуетті арттыру және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдауды күшейту шаралары туралы мәлімет берді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ТЖМ құрылымын жетілдіру жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.

Қазір оқып жатыр

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Уылдырық

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді

Қанат Бозымбаев

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

.