USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковамен кездесті

Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, оның сапары Астана мен Скопье арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанын атап өтті.

Ақорда
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. – Қазақстан Солтүстік Македониямен жан-жақты серіктестікті дамытуға мүдделі және Сіздің еліңізді Балқан түбегіндегі сенімді әріптес ретінде қарастырамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Гордана Силяновска-Давкова Қазақстанға шақырғаны үшін Президентке алғыс айтып, екіжақты ықпалдастықты одан әрі нығайтуға зор әлеует бар екенін жеткізді.

Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты егжей-тегжейлі талқылады.

Президенттер Қазақстан-Солтүстік Македония қарым-қатынастарының барлық саласына тың серпін беруге уағдаласты. Әсіресе, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, қаржы және туризм сияқты перспективті бағыттарға назар аударылды.

Мемлекеттер басшылары Солтүстік Македонияның танымал Alkaloid фармацевтикалық компаниясының Алматыда өкілдік ашу туралы шешімін құптады.

Бұдан бөлек, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер туралы пікір алмасты.

Қазір оқып жатыр

Алматыда оқушылары жаппай уланған физика-математика мектебінің басшылығы ауысты

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк тасымалдаушылардан кепілдік жарна талап етіле бастайды

«Қазығұрт» өткізу бекеті