USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Сербия Президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Белградқа ресми сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичпен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуге екі ел делегациялары қатысты.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы шағын құрамда мазмұнды келіссөз жүргізгені, сондай-ақ Қазақстан тарапына қонақжайлық танытқаны үшін Александр Вучичке ризашылық білдірді.

Сербия Президенті Александр Вучич арнайы келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екіжақты байланысты одан әрі нығайту тұрғысынан бұл сапардың стратегиялық мәні зор екеніне тоқталды. Сонымен қатар аймақтағы және халықаралық аренадағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға негіз болатын өзара тиімді байланысты дамытудың маңызына назар аударды.

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты тереңдету мәселелеріне баса мән берді.

Президенттер екі ел арасындағы тауар айналымы өсімін жоғары бағалады. Осы орайда қазіргі әлемдегі геосаяси және экономикалық жағдай ынтымақтастықты жандандыра түсуді қажет ететінін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

14 қыркүйектен бастап тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың деректері тексерілмек

Отбасы банк

Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Дұғам қабыл болды»: Бақытжан Базарбек жол апатында зардап шеккен жігіттің қазіргі жағдайын айтты

Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен адам есін жиды

Алматы – Қорғас тас жолында мас күйде жол апатын жасап, үш адамның өмірін қиған жүргізуші 10 жылға сотталды

Алматы – Қорғас тас жолындағы жол апаты