USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Руанда Президентінің арнайы өкілі Жан Поль Ньирубутаманы қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы өкілге ілтипат білдіре отырып, Руанда Президенті Поль Кагамеге сәлемін жолдады.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Руанда тарапының Қазақстанмен көпжоспарлы серіктестікті нығайтуға ықылас танытып отырғанына ризашылық білдірді.

Президент Африка елдерімен ықпалдастықтың қарқынында оң динамика бар екенін атап өтіп, Руандамен арадағы екіжақты және көпжақты қарым-қатынастың көкжиегін одан әрі кеңейтудің маңыздылығына назар аударды.

Осы орайда Мемлекет басшысы жуырда қол қойылған Қазақстан мен Руанда арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерін виза талаптарынан босату туралы келісімді жоғары бағалады.

Жан Поль Ньирубутама қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, бүгінде Қазақстанның саяси және экономикалық тұрғыдан қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.

Қазір оқып жатыр

Ресейлік рэпер NAVAI Қазақстаннан шығарылды: оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Наваи Бакиров

«Әлсіз кезімізде жасаған келісімдерді сақтауымыз керек»: экономист мұнай жобалары туралы

Decaf

Алматыда үш жоғары оқу орнын бомба қойылғаны туралы хабарлама дүрліктірді

Халықаралық бизнес университеті

Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының милфа туралы бейнебаяны желіде дауға қалды

Дильназ Ахмадиева