USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Руанда Президенті Поль Кагамемен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Руанда Президенті Поль Кагаменің Қазақстанға 2015 жылы жасаған сапарынан кейін екі елдің өзара құрметке негізделген, ынтымақтастық пен орнықты дамуды көздейтін қарым-қатынасы айтарлықтай табысқа жеткенін атап өтті.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Президент Қазақстанның Африка мемлекеттерімен байланысты кеңейтуге ерекше мән беретіне назар аударды.

– Сіздің көреген көшбасшылығыңызбен Руанда даму даңғылына түсіп, институционалды орнықтылық пен болашаққа бағдарланған жаңашылдықтың үлгісін көрсетті. Еліңіздің экономикалық өсімі 8 пайыздан асты. Бұл – жаңғыртудың жарқын көрінісі. Осы орайда Сіздің еліңізбен ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән береміз. Қазақстан екіжақты тиімді байланыстарды нақты жобалар арқылы ілгерілетуге дайын. Сіздің сапарыңыз барысында қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Руанда арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеретініне сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Поль Кагаме көрсетілген сый-құрмет үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстанның екіжақты ықпалдастықты дамытудағы күш-жігеріне жоғары баға берді. Сондай-ақ Руанда мен Қазақстан арасындағы серіктестіктің әлеуетіне тоқталып, екі елдің өркендеуіне және стратегиялық диалогтың нығаюына ықпал ететін бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

– Астанаға екінші мәрте жолым түскеніне қуаныштымын. Қазақстан ұлттық даму жолында толайым табысқа жетіп, соның арқасында халықаралық аренадағы рөлі артып келеді. Біз Өзіңізбен және Сіздің еліңізбен серіктес әрі достас болғанымызға ризамыз, – деді Руанда Президенті.

Мемлекеттер басшылары екіжақты ықпалдастықтың басым бағыттарын, соның ішінде сауда, инвестиция, көлік, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технология, электрондық үкімет және қаржы салаларындағы байланыстарды дамытуға уағдаласты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Ухнаагийн Хурэлсух, Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

Ернұр Алмахан

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Балалар тағамы

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Сарбаздар, Қазақстан әскері