USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Премьер-Министрді қабылдады

Олжас Бектенов еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, егін орағы және су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндады.

Ақорда
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Биыл өңдеу өнеркәсібі және құрылыс саласы экономикалық дамудың негізгі факторына айналды. Ауыл шаруашылығында да айтарлықтай өсім бар.

Еліміздегі негізгі дәнді дақылдар алқабының 4,5 миллион гектарға жуығы немесе 27 пайызы жиналған. Орта есеппен бір гектардан 15 центнер өнім алынып отыр. Шамамен 6,6 миллион тонна астық бастырылды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 40 пайызға артық.

Шаруашылықтарға арзандатылған дизель отынын жеткізу кестеге сай жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамту жөнінде мәлімет берді. Бүгінге дейін 7 463 отбасы жаңа қонысқа көшті. 479 баспананың құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар 9 171 отбасына жөндеу жұмыстары үшін өтемақы төленді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы жүргізіліп жатқан жұмыстың маңызын атап өтіп, елімізді одан әрі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов

Президент 24 қарашаға дейін ұлттық компаниялардағы жемқорлықпен күрес жөнінде ұсыныс беруді тапсырды

Қауіпсіздік кеңесінің отырысы

Тоқаев Жақыпов пен Отыншиевтің ұсталуы туралы не деді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

Басшысы ұсталған ҚТЖ өкілдері мәлімдеме жасады

ҚТЖ