USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Пәкістан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал Асим Мунирді қабылдады

Кездесуде қорғаныс және әскери білім беру саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ екі ел арасындағы байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Президент Қазақстанның Пәкістанды Оңтүстік Азиядағы маңызды серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті. Сонымен қатар екіжақты қарым-қатынастардың оң қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, екі елдің экономикалық, соның ішінде сауда, көлік және логистика салаларындағы байланыстарын одан әрі ілгерілетуге айтарлықтай әлеуеті бар. Асим Мунир Мемлекет басшысына Пәкістанның Премьер-министрі Шахбаз Шарифтің ықыласын жеткізді. Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Қазақстан мен Пәкістанның қорғаныс ведомстволары арасындағы ықпалдастықты жоғары бағалады.

Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты өркендетуге тың серпін берудің, экономиканың түрлі секторындағы өзара мүддеге сай келетін мүмкіндіктерді толық жүзеге асырудың маңызына назар аударылды. 

Қазір оқып жатыр

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

смартфон ұстаған ер адам