Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен кездесті

Мемлекет басшысы Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Ақорда
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысына ілтипат білдіре отырып, қазақ-өзбек ынтымақтастығы барлық салада қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан бауырлас Өзбекстанмен өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға баса мән береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің екіжақты байланыстарды тереңдету ісіне елеулі үлес қосып отырғанына тоқталып, Қазақстан өңір халықтарының игілігі мен өсіп-өркендеуіне бағытталған Өзбекстанның бастамаларын алдағы уақытта да қолдауға дайын екенін жеткізді.

Кездесу барысында сауда-экономикалық ықпалдастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Екі елдің дамуына тың серпін беретін жаңа бағыттарды қарастыру және екіжақты тауар айналымын арттыру маңызды екені айтылды.

Мемлекет басшысы көлік-транзит саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың мәні зор екенін атап өтті. Президент Қазақстанның «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісін салуға кіріскенін мәлімдеді. Бұл жолды одан әрі Өзбекстан шекарасына жеткізу көзделіп отыр. Аталған теміржол байланысы екі ел арасындағы жүк тасымалының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан тарапының Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту ісіне атсалысуы барлық тарапқа тиімді болады деп санайды.

Қазір оқып жатыр

Астанада фишингтік хабарлама таратумен айналысқан топ мүшелері қамауға алынды

Кісен

ШҚО-да қос азаматтық үшін 35 адам жауапқа тартылды

қос азаматтық

Грузия алғаш рет Қазақстаннан 3,2 млн долларға мұнай сатып алды

Мұнай

Ақмола облысында көкпар кезінде көз жұмған баланың туыстары шағымын жеткізді

Дінмұхаммет