USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентіне Қазақстан Республикасының ең жоғарғы мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденін табыс етті.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қазақстанда Шавкат Мирзиёевті Өзбек елінің нағыз көшбасшысы, халықаралық деңгейдегі саясаткер, екі халық арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет қайраткері ретінде танитынын және құрметтейтінін айтты.

– Егемен ел ретінде даму жылдарында екі мемлекет арасында жан-жақты серіктестік пен стратегиялық одақтастық жолға қойылды. Берік шарттық-құқықтық база қалыптасты. Шекараны толықтай шегендеп алдық. Өзара сенімді саяси диалогтың арқасында біз сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды қарқынды түрде ілгерілетіп келеміз. Негізгі халықаралық құрылымдар аясында тығыз ықпалдастық орнаттық. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі қазақ-өзбек қатынастары үлгі етуге тұрарлық әрі нағыз бауырластық деңгейде, – деді Президент.

Қазір оқып жатыр

Исматулла Мақсұмға қатысты тергеу басталды

Исматулла Мақсұм

«11 адам шабуыл жасаған»: Қызылордада қаза тапқан жігіттің туыстары әділ тергеуді талап етті

Полиция

Жаңа iPhone Duo-ның экраны жарылып жатыр: Apple ақауды мойындады

.

Харри Кейн алғаш рет «Алтын доп» иегері атанды

Харри Кейн