USD
USD
USD

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Ресей» форматындағы алғашқы ректорлар форумын Қазақстанда өткізуді ұсынды

Осы орайда, жоғары білім саласындағы байланысты дамытудың мәні ерекше арта түсті.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Бүгінде Қазақстанның 60 университеті Ресейдің 50 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық орнатқан. Ресейде 60 мыңнан аса қазақстандық студент оқиды.

– Елімізде Ресейдің жетекші оқу орындарының 9 филиалы жұмыс істейді. Олардың қатарында биыл пайдалануға берілген Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының филиалы да бар. Былтыр Қазақстанда Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының филиалы өз жұмысын бастады. Өз кезегінде Бішкек, Ош, Ташкент қалаларында қазақстандық жоғары оқу орындарының филиалдары студенттер қабылдады. Омбы мемлекеттік университеті базасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалының ашылуы маңызды оқиғаға айналды. Бұл – Ресейдегі алғашқы шетелдік оқу орнының өкілдігі. Осы салада сындарлы қарым-қатынас орнатқаны үшін әріптестеріме ризашылық білдіремін. Елдеріміз арасында ғылым-білім саласы бойынша тығыз байланыс орнағанын ескеріп, «Орталық Азия – Ресей» форматындағы алғашқы ректорлар форумын Қазақстанда өткізуді ұсынамын. Қазіргі жағдай ықпалдастықты цифрлық форматта белсенді дамыту қажет екенін көрсетіп отыр. Осы орайда «Орталық Азия – Ресей» цифрлық кітапханасы» бірлескен білім беру онлайн-платформасын ашуға мүмкіндік мол деп ойлаймын. Мұнда университеттеріміздің курстары мен дәрістері, архивтері қолжетімді болуға тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Талғарда 20 жастағы жігіттің өліміне күдіктілер ұсталды

Әнаур Мұсаев

«Халықты адастыру»: депутат ІІМ-ді қатаң сынады

Қару

Британия парламенті жастарға темекі сатуға өмір бойы тыйым салатын заңды мақұлдады

Темекі

Рахат Тұрлыхановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

Рахат Тұрлыханов