USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Назарбаевқа ізгі тілегін жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады.

.
Фото: Akorda.kz

Астана, NEGE. Президент құттықтауында Нұрсұлтан Назарбаевтың заманауи қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаудағы, Қазақстан Республикасын құрудағы, елдің экономикалық әлеуетін нығайтудағы және халықаралық аренадағы беделін арттырудағы тарихи рөлін атап өтті.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы Сарыарқа төріне көшіру туралы шешімнің ел дамуы үшін айрықша маңызға ие болғанына тоқталды.

«Елорданың Сарыарқа төсіне көшірілуі Қазақстанның жан-жақты өркендеуіне тың серпін берді. Бүгінде Астана қарыштап дамып, әлемдегі көрікті шаһардың біріне айналып келеді», – делінген құттықтауда.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тіледі.

Қазір оқып жатыр

СІМ соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандықтың елшілікке жеткізілетіні туралы ақпаратты теріске шығарды

СІМ

Ыстамбұлда жеті қабатты ғимараттың үшінші қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Ыстамұлда опырылған ғимарат

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу